Көгілдір отынмен қамтылған аймақтар көбеюде

Кентау қаласын табиғи газбен қамту шаралар бүгінде қарқын ала бастады. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында №14 «Қызыләскер» АГТС нысанына құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда магистралды құбырды кептіру және тазалау жұмыстары жүруде.

image.png

--- Магистралдық құбырға қосылу және толтыру жұмыстарын «БатысМұнайГаз жабдықтары» ЖШС мамандары іске асырады. Осы аталған жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін Кентау қаласына жыл соңына дейін табиғи газ береміз деп жоспарлап отырмыз – деді қала әкімі Дәурен Махажанов.

Ал, Түлкібас ауданы халық санына шаққанда 99,9 пайыз табиғи отынмен(газ) қамтамасыз етілген. Биыл көп жылдан бері шешімін таппай келген аудан орталығынан шалғай орналасқан Иірсу елді мекеніне газ құбырын тарту жұмыстары бастау алды. Нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Бұл жұмыстар аяқталған жағдайда ауданымыз еліміздегі табиғи отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген алғашқы аудандардың қатарына еңбек. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы Түлкібас кентінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Бүгін аудан әкімі жұмыс жоспарына сәйкес, Кемербастау және Түлкібас кентінің тұрғындарымен кездесіп, өтініш, ұсыныстарын тыңдап қайтты.

Төлеби ауданына қарасты 55 елді мекеннің 48 -не табиғи газ тартылған. Дегенмен, қала аумағындағы бірнеше тұрғын үйлерге дер кезінде картаға қосылмауына байланысты, көгілдір отынға қол жеткізе алмады.

Осы мәселені шешу мақсатында қала әкімі Нұргелді Құлышев пен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жұмабаев "Кенші" көшесі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар табиғи газға қосуға көмек беруін сұрап, өз өтініштерін жеткізді. Бөлім басшысы мен қала әкімі мәселенің шешу жолдарын қарастырып отырғанын, «Кенші» көшесіне табиғи газ тартылатынын айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды