Бүгінгі күнде Түлкібас ауданныңда 3077 гектар алма бау алқабы жайқалып тұр. Оның ішінде 2218 гектар 2007 жылдан бері отырғызылған жас бау саналады. Сонымен қатар, ауданда аз жерден мол өнімді алуға (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) мақсатталған қарқынды бау шаруашылығы да қатар дамуда. Қазіргі таңда аудан аумағында қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асып жығылады екен.
Айта кетерлігі аудан аумағында қыс мезгілінде алманы сақтайтын сиымдылығы 12500 тоннаны құрайтың 7 жеміс-жидек сақтайтың қойма жұмыс істейді. Бұл дегеніміз ауданның бренді саналатын алма өнімін ұзақ уақыт сақтап, қыс, көктем мезгілдерінде осы өнімге деген сұранысты азайтауға ықпал етеді.
«Алма» десек, ойымызға Түлкібас оралары сөзсіз. Кеңес үкіметі кезінде-ақ, бүкіл әлемге алмамен аты шыққан ауданда бүгінде алма жинау маусымы қызыпа-ақ тұр. Әзірдің өзінде түлкібастық шаруалар 5 мың тонна жеміс жинап үлгерген. Жалпы ауданда алма өсіру ісімен 76 шаруа қожалығы айналысады. Жыл соңына дейін 6 мың тонна «апорт» теруге құлшынып отырған түлкібастық бағбандар межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Дәмі тіл үйірер түлкібастық алмалар бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қалаларына жөнелтілуде. «Апорттың» алма бауларынан босатылу бағасы келісіне 250 теңгенің көлемінде болып тұр.