Түлкібаста алмаларымен Гала, Фуджи, Голлден... сұрыпты алмалар өседі

Түлкібас ауданы алма бау өсіруге өте ыңғайлы аудан. Аудан аумағында қазіргі таңда 76 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылымдар алма бауын өсірумен айналысады. Жоғарыда айтылған шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие Гала, Фуджи, Голлден Делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алма сұрыптарын өсіреді. Сондай агроқұрылымның бірі – «Көктал» шаруа қожалығы. Бүгінде бұл қожалықтың иелігінде 350 гектар баулы жер бар. Оның 330 гектарына алма, 19 гектарына қара өрік отырғызылған.

image.png

- «Біздің қожалық иелігіндегі жерлер Шақпақ және Ақбиік ауыл округтерінде орналасқан. Оның себебі – таулы аумақ яғни алма өсіруге өте ыңғайлы саналады. Биылғы өнім жинау науқанын бастап жібердік. Алмаларымызды бау басынан сатып алып кетіп жатқандар көп. Ең сапалы деген алмаларымызды сақтай тын 2 мың тонна қоймамыз да бар. Бұл бізге мол өнімді ысырапсыз, шығынсыз жинап алып, қолайлы сұранысы мол кезеңдерде алма сатуымызға мүмкіндік береді» , – дейді қожалық төрағасы Бейбіт Төлешев.

Бүгінгі күнде Түлкібас ауданныңда 3077 гектар алма бау алқабы жайқалып тұр. Оның ішінде 2218 гектар 2007 жылдан бері отырғызылған жас бау саналады. Сонымен қатар, ауданда аз жерден мол өнімді алуға (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) мақсатталған қарқынды бау шаруашылығы да қатар дамуда. Қазіргі таңда аудан аумағында қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асып жығылады екен.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шардара ауданы ауыз сумен толық қамтылады
  • Шөкеев қарияларға «FARAB» кітапханасында құрмет көрсетті
  • Түркістанда Орталық Азия елдері ортақ Декларацияға қол қойды
  • «Тіл-татулық тірегі»
  • Жастар жемқорлыққа қарсы