Түлкібас ауданында 35 шақырымға жуық жол жөндеуден өтуде

Биыл Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделуде. Жыл соңында жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аудан орталығындағы көшелер де жақсаруда. Мәселен, орталықтағы 18,3 шақырым жол «Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасымен жүзеге асуда. Т.Рысқұлов елді мекеніндегі 5 көше мен Көкжайлау және Жанкент мөлтек аудандарының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі жарықтандыру шамдары орнатылуда.

image.png

Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылау мақсатында аудан басшысы Нұрлан Байғұт арнайы аралап көрді. Кей көшелерде атқарылып жатқан жұмыстарға төмен баға беріп, жауапты мердігер мекемені сынға алды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысанның сапалы болуын әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

Сондай-ақ, аудан орталығы күн санап жаңарып келеді. Бұлай дейтініміз биылдың өзінде аудан орталығындағы тозығы жеткен жалпы ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын 5 көшемен «Жанкент» және «Көкжайлау»(Телевышка) мөлтек ауданының жаңа құрылыс көшелеріне «Ауыл-Ел Бесігі» мемелекттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі жарықтандыру шамдары орнатылуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды