Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.
Биылғы жылы Келес ауданы аумағының ішкі көшелері жаңа жол белгілерімен толықтырылуда. Мұның себебі де жоқ емес, өйткені, тәулік бойы ерсілі-қарсылы ағылған көліктердің қозғалысын реттеу үшін жол белгілерімен қатар бағдаршамдардың да атқаратын рөлі ерекше, онсыз маңызды көше қиылыстарында көлікпен жүру мүмкін емес.
Жаңа бағдаршам Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Қызыләскер елді мекені, А.Туралимов көшесімен қиылысатын Республикалық маңызы бар А-15 автожолдың бойына бағдаршам, жол сызықтары, жол белгілері орнатылып іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыда аталған көшеде автокөлік көп қатынайтын және қоғам көп шоғырланған қауіпті аймаққа жатады. Осындай көше қиылыстарында бағдаршамдар болса, көлік иелеріне де, жаяу жүргіншіге де қауіпсіз болады. Бұл жұмыстарды мердігер «СБМ» ЖШС-і толық іске қосып пайдалануға беруді көздеп отыр.
Енді бұл жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіз әрі бұрынғыдан гөрі тәртіпті сақтауға мүмкіндік бермек. Басты көшелеріндегі бағдаршам өзгерістері жол-көлік оқиғаларының азаюына және жол ережелерінің мұқият сақталуына ықпал ететіні сөзсіз.