«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу мақсатында облыста кезең-кезеңімен 130 мектеп салу жоспарланған. Бұл туралы бүгін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар» сарайында өткен салтанатты жиында айтылды.
Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі 2021-2023 жылдар толығымен шешімін табады. Биыл 78 мектептің (облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп) құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі 120 орындық жатақханасымен бірге салынуда. Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.
Қазіргі таңда жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, үшеуі жеке инвестиция есебінен салынады. 1 қыркүйекте 44 мектептің 15-сі пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы жеке инвесторлар есебінен жекеменшік 13 мектеп ашылып, 2021-2022 жаңа оқу жылында өз жұмыстарын бастады. Атап айтқанда оның төртеуі Түркістан қаласында, біреуі Жетісай ауданында, екеуі Мақтаарал және Сарыағаш ауданында әрбірінде екеуден, сосын Кентау қаласы мен Келес, Сауран, Сайрам аудандарында әрқайсысында біреуден білім ұяларының жаңа ғимараттар пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «5000 мектепті жаңғырту» жобасына енген 108 мектепті жаңғырту жоспарланған.