Түркістан облысының 4 мұғалімі еліміздің үздік педагогы атанды

Түркістан облысының төрт мұғалімі еліміздің үздіктері атанды. Олар мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер қатарынан табылды. Биылғы «Үздік педагог» байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді.

image.png

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов, Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Пазылова, А.Исмаилов атындағы кәсәптәк колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхтар Мырзаев пен Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Әлібекова еліміздің ең үздік ұстаздары атанды.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтап, оларға алғыс білдірді. Еліміздің үздік педагогтеріне төсбелгілер тағылып, мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сертификаттарды табысталды. Биыл елімізде мың айлық есептік көрсеткіш үш млн теңгеге тең. Жалпы елімізде республика бойынша 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік атанды.

Бұдан бөлек, мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістандағы «Оқушылар» сарайында өткен салтанатты жиында «Жылдың үздік мұғалімі» номенациясы 10 педагогқа, ел Үкіметінің «Еңбек ардагері» медалін 1 мұғалімге, сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін 7 ұстазға табысталды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды