Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына бірлесіп қол жеткізу жөніндегі Декларацияға қол қойды. Мұндай бірлескен шешім өтіп жатқан Бірінші Орталық Азия форумда қабылданды.
Түркістанда Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (бұдан әрі-Қауымдастық) ұйымдастыруымен, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) қолдауымен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» Бірінші Орталық Азия форумы өтуде. Оған Қауымдастық Президиумының Төрайымы Әлия Назарбаева, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан Парламентінің депутаттары, Германия Елшілігі, халықаралық ұйымдар, бизнес және экологиялық қауымдастық өкілдері және тағы басқа азаматтар қатысуда.
2020 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның климаттық амбициялар жөніндегі саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу ниеті туралы мәлімдеме жасаған болатын. Қазіргі уақытта республикада Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртегі бейтараптық стратегиясы әзірленіп жатыр.
Қазіргі сәтте 124 ел 2050 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеме алды. Бұл жаһандық ЖІӨ мен СО2 шығарындыларының шамамен 70 пайызын құрайды.
Айта кету керек, Орталық Азия елдерінің негізгі өндірістері бұрынғысынша көмірге тәуелді, оның ішінде Қазақстан да бар. Жасыл энергияға көшу энергетикалық сектор мен тұтастай экономиканы қайтадан жүктеу кезінде елеулі қиындықтарға алып келеді. Алайда, жасыл рельстердің пайда болуы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және климатқа, оның ішінде адамзат денсаулығына кері әсерін азайтуға ықпал етеді.
Экономиканы декарбонизациялау жолында Қазақстан түрлі сценарийлер бойынша көміртекті бейтараптық модельдерін әзірлеу арқылы Климаттық саясатты қабылдауда алғашқы ізашар болды.
Форумның панельдік сессияларында Орталық Азия елдерінің қатысушылары климаттың өзгеруінің өзекті мәселелерін талқылап, «жасыл» жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибелерімен бөлісті және көміртектің нөлдік шығарындылары саясаты бағытындағы ілгерілетулер туралы айтты.
Форум мен оның іс-шараларының қорытындылары бойынша Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптығына бірлесіп қол жеткізу жөніндегі Декларацияға қол қойылды.