Түркістан облысының жиһазын еліміздің барлық өңірі тұтынады

Түркістан облысының Төлеби ауданында еліміздің барлық өңірлеріне жұмсақ жиһаз жасап сататын «Меруерт» жиһаз цехы жұмыс істейді. Киелітас ауылдық округіндегі кәсіпорын бүгінде үстел, орындық, жұмсақ жиһаз, жатын бөлмесінің жабдықтарын дайындауда. Қазіргі таңда дайын цех өнімдері Қазақстанның барлық аймағына жеткізілуде екен. Сондай-ақ, Шымкент қаласында орналасқан дүкен арқылы сатылымға шығарады.

image.png

– Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмыс орны санын арттыру жоспарда бар, – дейді «Меруерт» жеке кәсіпкерлігінің бас есепшісі Ләззат Мырзалиева.

Өндіріс орны осыдан үш жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2018 жылдың тамыз айында іске қосылған. Негізгі өндіретін өнімдері ақ қайың мен қара ағаштан үстел және орындықтар секілді жиһаз түрлері. Цех ай сайын 200 орындықты тұтынушыға ұсынады. Кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді. Олардың әрбірінің орташа жалақысының көлемі 70-100 мың теңге аралығында екен.

Жалпы Төлеби ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған. Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет көрсету салалары бойынша істерін жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін грантты көпбалалы отбасылар, жастар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік көмек алушылар ала алады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды