«Тұран» тең ойынмен бір саты жоғарылады

Түркістан облысының «Тұран» футбол командасы Қазақстан чемпионатында бір сатыға көтерілді. «Тұран» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдап, ұпай бөлісті.

image.png

Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-тур ойындары өтті. «Түркістан-аренада» кезекті футбол бәсекесі ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мәні бөлек. Себебі Түркістанның «Тұраны» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдады.

«Түркістан-аренада» аса тартысты өткен кездесудің 35-минутында «Тұран» алға шықты. 11 метрлік айып соққысынан Живкович есеп ашты. Екінші таймда түркістандықтардың есепті еселейтін мүмкіндігі болған. Бірақ бұл жолы Живкович 11 метрлік айып соққысынан мүлт кетті. Гол соға алмады.

Шымкенттіктердің қақпашысы Шайзаданың бірнеше рет қақпасын голдан сақтап қалғанын айта кеткен жөн. «Ордабасы» да өз кезегінде мүмкіндікті мүлт жібермей дүркін-дүркін шабуылдады. Алаңға тыңнан ойыншылар қосты. Солардың бірі Рахимов 94-минутта есепті теңестіріп кетті. Есеп – 1:1. Осылайша, ұпай санын 20-ға жеткізген «Тұран» 11-орынға көтерілді. Дәл осы күні «Тұранның» арнайы дүкені ашылды. Ол жерден клубтың жейдесі мен қалпағын және өзге де атрибуттарын алуға болады.

Түркістан облысының «Тұран» командасы осы жылдың ақпан айында құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команданың басты ерекшелігі – құрамы тек жергілікті спортшылардан жасақталды. Яғни, шет мемлекеттерден легионерлер шақырмайды. Бұл – жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды