Түркістан облысы Сайрам ауданында инфрақұрылым жаңартылуда

Түркістан облысы Сайрам ауданының Таскешу елді мекеніне газ құбыры тартылуда. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Казойлсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Жобаның конкурстық құны 208 миллион 871 мың теңгені құрайды. Келісім-шарт бойынша көгілдір отын құбырларының құрылыс жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Нәтижесінде Таскешу елді мекеніндегі үш жүзден астам тұрғын үй табиғи газға қосылады деп жоспарланған болатын.

image.png

Сонымен қатар, Сайрам ауданындағы Қасымбек датқа елді мекеніне қарасты Жаңақұрылыс аумағында тұрғын үйлердің жүйесіз көп салынуынан елді мекенде ауыз су тапшылығы орын алған. Осы мәселені шешу үшін ауданның коммуналдық меншігіндегі су мұнарасын тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген соң биыл қайта іске қосу жоспарланған еді.

Қараусыз қалған мұнараны жөндеп, ретке келтіру мақсатында жергілікті бюджеттен 17,4 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, тендерге қатысқан құрылыс компаниясының арасынан заңға сай жеңімпаз анықталады. Содан кейін көп ұзатпай жөндеу жүргізілуі керек.

Былтыр пандемия жағдайына қарамастан Сайрам ауданында ауыз су мәселесін шешу үшін бюджеттен 212,5 млн теңге бөлініп, осы күнге дейін құдық суын тұтынып келген Қызылжар ауылына жаңа су құбыры тартылған. Сонымен қатар, Ақсукент, Оразалиев, Манкент, Қожақорған ауылдарындағы тозығы жеткен су құбырлары 74,4 теңгеге орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде Сайрам ауданындағы 42 елді мекен ауыз сумен толық қамтылды. Ал, биыл тұрғын үй салуға бөлінген 184 гектар жер телімін аузы сумен қамту үшін 757,9 млн теңге қаралған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды