Түркістан облысында 960 гектарды суармалы алқапқа айналдыратын канал жөнделуде

Түркістан облысының Созақ ауданындағы «Суындық» су арнасы қайта іске қосылғанда, Созақ ауылы бойынша 960 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады. Тұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

image.png

Түркістан облысының Созақ ауданындағы «Суындық» су арнасы осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Тозығы жеткен су арнасы шұғыл күрделі жөндеуді талап етеді. Өңір басшысының тікелей бақылауына алынған арнаны жөндеу жұмыстары облыстық деңгейде қолға алынып, бүгінде қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Шаруалардың жайын ойлаған Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов облыс басшысының тапсырмасымен жұмыс барысын қадағалаудан тыс қалдырған емес.

Жалпы ұзындығы жиырма үш шақырымды құрайтын «Суындық» су арнасының он тоғыз шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың соңына дейін жалғасады. Нәтижесінде жаңа жылдан бастап гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.

Дегенмен, созақтық шаруалар биыл қуаңшылық қыспаққа алғанына қарамастан еккен егінін, шашау шығармай жинап, күзгі жиын-терімді табысты аяқтады. Жалпы Созақ ауданында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылтын 13 мың 200 гектар жер бар. Оның 5 мыңына бақша және көкөніс дақылдары егілсе, қалғанына мал азығы дақылдары өсіріледі.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды