«Тіл-татулық тірегі»

Screenshot_27.png

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», деген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екеніне бас назар аударған болатын.

Президент тапсырмасына орай Шымкент қаласындағы Ә. Навои атындағы №11 мектепте «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында қалалық форум өтті. Форумның мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл- татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екнін өскелең ұрпаққа ұғындыру.

Бір ай бойы орта білім беретін мектептердің ұстаздары тілді меңгерудегі жаңа әдістерға қанықты. Шебер сабақтарында тәжірибе жинақтаған олар білімдерін өскелең ұрпаққа жеткізетін болады.

 «Көп тіл білу-жаһандық талап. Сондықтан неғұрлым адам көп тілді білсе,  сол тілдегі дүниелермен түп нұсқасында танысады. Ол керемет мүмкіндік береді. Мәселен әдебиет, ғылыми-техникалық туындылар және де өзге жобалардың 82 пайызы ағылшын тілінде  үсынылған. Ана тілін білу шарт, алайда өзге де тілдерді  меңгеру жарқын болашаққа жол ашады", - дейді  М.Әуезов атындағы ОҚУ профессоры, педагогика гылымдарының докторы Негматжан Алметов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды