Жастар жемқорлыққа қарсы

Screenshot_26.png

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік роликтер анықталды.«Аntikor ortalyǵy» алаңында ЖОО және колледж студенттері арасында жарияланған үздік TikTok, әлеуметтік ролик байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармамен ұйымдастырылған байқауға барлығы 20-дан астам бейнероликтер ұсынылды.

«Басты мақсат - қазіргі заманғы байланыс құралдары арқылы жастардың санасына әсер ету. Өздеріңізге белгілі, TikTok қазіргі кезде көптеген елдерде танымал, әсіресе жастар арасында  ең жылдам дамып келе жатқан әлеуметтік желі. Бүгінгі байқау да соның дәлелі десек болады. Байқауға студенттер барынша дайындалып, өз ойларын бейнеролик арқылы жеткізуге тырысты» - дейді жобалық кеңсе басшысы. Байқау қорытындысымен  жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Аталмыш конкурста онға жуық ЖОО қатысты. Олардан жалпы саны 21 бейнеролик келіп түсті. Солардың ішінен сапалы, мағына бейнероликтерді таңдап алдық. Бізде Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе жасаған кешенді жоспарымыз бар. Сол жоспарға сәйкес біз жыл соңына дейін осындай конкурстарды ұйымдастыратын боламыз",- дейді жобалық кеңсе басшысы Жани Қамбар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды