«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», - деген Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мақсатында айқын тапсырмалар жүктеген болатын.
Президент тапсырмасына орай Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын қолжетімді ету мақсатында алдағы бес жылда 6 спорт кешені салынбақ. Ағымдағы жылы бұл мақсатта 2 жоба іске асты.
Үшінші мегаполисте 2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, ағымдағы жылы 31, келер жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы 33 пайызға артпақ.
2021 жылы 6 стрит-воркаут алаңын апйдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде, 7 воркаут алаңы халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, шаһарда 5 жылда 80 шағынауданда спорт секциясын ашу көзделуде. 2021 жылы 37 спорт секциясы ашылды. Одан бөлек, биылғы жылы 73 спорт алаңын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде дейді мамандар.