Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр. Оның ішінде 259 себеп әйелдің денсаулығына, 56 себеп ердің денсаулығына қатысты болса, 13 жұп донорлық бағдарламада тұр. Оларға 2019 жылы – 50, 2020 жылы – 64, ал биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына сәйкес 403 квота бөлінді. Жыл басынан бері оның 338-і бөлінді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдай алады. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан: «Экомед-Шымкент» ЖШС, «Эко –Шымкент орталығы» ЖШС 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС.
Шымкенттік клиникалар бұл бағытта нәжижелі жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Экомедке 177 квота бөлінген, оның 22-сі жүкті, 120 – дайындықта. Эко–Шымкентке 129 квота бөлінген, оның 40 – жүкті, 71-дайындықта. Доктор Тарарака 25 квота, оның 4 - жүкті, 7- дайындықта. Алматы қаласындағы «Персоны» клиникасына 4 квота, оның 1-дайындықта. Нұр-Сұлтан қаласындағы «ННЦМД» - 1 квота, қазір жүкті. «МЕДИННОВАЦИЯ-АСТАНА» клиникасына 2 квота, оның 1 – жүкті.
ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға гинеколог маманға жүгіну қажет. Ұйым мамандары бедеулігі бар пациентті диспансерлік электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды.
12 ай ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымына бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді.
Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» Порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.
МӘМС бойынша жылына бір рет ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады. ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. МӘМС жүйесінде ЭКО-циклдің базалық бағдарламасы қарастырылған.