Қазақстан ТүркПА-ға төраға болды

18.jpg

Түркістан қаласында Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысы өтті. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығының негізгі бағыттарына назар аударды. Сессия жұмысына ТүркПА-ға мүше елдердің Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның, сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстанның және бақылаушысы мәртебесімен Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың және басқа да мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. 

Нұрлан Нығматулин, Ассамблея қызметінің алдағы негізгі бағыттары ең алдымен, Түркі әлемінің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға серпін беретін «Түркі келешегі – 2040» стратегиялық құжатын әзірлеу екенін айтты. 

- Біз Кеңесте ТүркПА-ның Модельдік заңдар туралы ережесін қабылдадық. Сонымен бірге ТүркПА заң жобалау қызметінің 2022-2027 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Жаңа цифрлық технологиялардың дамуы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан, біз «Киберқауіпсіздік туралы» модельдік заң қабылдауды ұсынамыз, - деді Палата Спикері. 

Айта кетері, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясындағы (ТүркПА) төрағалық Әзірбайжаннан Қазақстанға өтті. Аталған Ассамблея Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды