Түркістанда «Жанды сабақтар» жобасы басталды

16.jpg 

Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының қатысуымен жаңа жоба бастау алды. Республикалық «Жанды сабақтар» жобасы аясында оқушылар тарихи орындарда болып, белгілі тұлғалардың сабақтарын тыңдайды. Бұл турпалы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Білім алушылардың бойына тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, өз елінің тарихына деген құрметті, ата-бабаларымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында қолға алынған жобаның алғашқы сабағы өтті.

Түркістан қаласындағы бүкіл тарихи деректерден сыр шертетін «Сапар» орталығында басталған сабаққа С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары қатысып, оларға «OSST-tur» туристік компаниясының директоры, гид-экскурсовод Төрәлі Сыздықов көне шаһар тарихы жайлы сыр шертті.

Сондай-ақ ерекше дәріс «Әзірет Сұлтан» кесенесі аумағындағы тарихи әрі туристік орындарда жалғасты. Экскурсия барысында оқушылар мол мағлұмат алып қана қоймай, құнды жәдігерлерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Оқушылар сабақтан зор әсер алғандықтарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. 

Айта кетері, Түркістан тарихы екі мың жылдан әріден басталатын Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі есептеледі. Археологтардың тұжырымына қарағанда қаланың негізі осыдан 2200 жыл бұрын қаланған.   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды