Сайрамда ірі мал бордақылау алаңы ашылады

03711658704d4d0e999b07679d064835_1280x720.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті екі жарым есеге, агроөнеркәсіп саласындағы экспортты екі есеге көтеруді тапсырғаны белгілі. 

 Түркістан облысы Сайрам ауданында 21 мың бас мал бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. Қайнарбұлақ ауыл округіндегі нысанның жалпы аумағы 76 гектарды қамтиды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болып, еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Бексұлтан Бегалиевтің жүзе асырып отырған жобасының құны 3 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейдегі банктер мен АҚҚ корпорациясы арқылы несие алған кәсіпкер тәулігіне 500 тонна ет өндіруді көздейді. Асылтұқымды мал басын бордақылайтын кешенде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Сапар барысында облыс әкімі Сайрам ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын жою бойынша құрылған мобильді топтың атқарған жұмыстарымен танысты. Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен жұмысшы және мобильді топ құрамдары құрылып, жаппай тексеру басталғаны белгілі. Облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аудан аумағында 23 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды