Сайрамда «Қамқорлық үйінің» құрылысы жүргізілуде

14.jpg

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бастау алған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіліп келеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Атап айтсақ, Ақсу ауылы, Ибн Сина көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 3256 ш.м. жер телімінің құжаттары Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратына рәсімделіп, демеушілер тарапынан 4 отбасыға арналған «Қамқорлық үйінің» құрылысы жүргізілуде.

Ондағы мақсат – үй-күйі жоқ, көмекке мұқтаж отбасыларын қамқорлыққа алып, жан-жақты қолдау көрсету. Тұрмысын түзеп, қалыпты жағдайға бейімделуіне көмек беру. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының жіті бақылауында.

Жалпы облыс көлемінде екі жыл ішінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 60-қа жуық отбасы баспаналы болған. Бағдарлама аясында көмекке аса зәру 2000-ға жуық отбасы тізімге алынып, оларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Айта кетейік, бұл бағдарламаны облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірлесіп жүзеге асырып келеді. Бұл жобаның мақсаты – тұрмыс жағдайы өте төмен отбасыларды түгел анықтап, оларға жүйелі көмек көрсету. Жоба бойынша облыстық бюджет, демеушілер және қайырымдылық қорлар арқылы кедей отбасының әрбір мүшесіне медициналық, жұмысқа орналасу, азық-түлік пен тұрмыстық заттар әперу, білім алу және өзге де мәселелер бойынша тұрақты көмек көрсетіліп, олардың еңсе тіктеулеріне жағдай жасалуда. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды