Түркістан облысында «Ақылды күнбағыс» ауылға қызмет етеді

Еліміздің мегаполистері мен қалаларында ғана кездесетін, күн энергиясынан қуат алып, елдің игілігіне жарап тұрған игіліктерді Түркістан облысының елді мекендерінен де кездестіруге болады. Соның бірі жергілікті қайырымдылық қордың басшысының ұйымдастырумен Бәйдібек ауданындағы Қошқар ата елді мекенінде орнатылды.   

image.png

Қошқар ата ауылындағы «Ақылды Күнбағыс» деп аталатын ақпараттық-танымдық электронды қондырғының пайдасын көріп жүрген жұрт ризашылықтарын білдіріп жүр. Ерекше қондырғының WI-FI желісінің құпия сөзі де танымдық тұрғыда ойластырылған. Қазақтың ұлы ақыны, хәкім Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары білетін адамға интернетке кіру ұқиындық тудырмайды. Дегенмен, құпия сөз ай сайын өзгеріп тұрады. «Ақылды Күнбағысты» Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, округтің тумасы Мейірлан Қырықбай орнатып берді. Заманауи қондырғы күннен қуат алады.  

Арнайы пернетақта орнатылып, интернет желісіне қосылған. Тегін Wi-Fi және ұялы телефондарды қуаттайтын төрт нүктесі бар. Орнатылған пернетақта арқылы және ұялы телефондарымен тегін Wi-Fi-ға қосылып, интернеттен мектепке және басқа да қажетті мәліметтерді алуға жағдай жасалған. Аталған қондырғының айналасы жарықтандырылып, орындықтар қойылды.  

Түркістан облысында кіндік қаны тамған атамекеніне қамқорлық танытып жатқан жомарт жандар қатары көп. Туған жерді түлетуге үлес қосып жүрген қайырымды жанның қамқорлығына бөленген ауыл тұрғындары алғыстарын жаудыруда. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды