Түркістан облысы “Ұлттық мектеп лигасында” көш бастады

Түркістан облысы бірінші орынды республикалық деңгейде өткен “Ұлттық мектеп лигасы” спорттық бәсекесінде бірінші орынды жеңіп алды. Командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, жеңімпаз атанған команда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кубогімен және арнайы дипломдармен марапатталды. 

image.png

Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысынан кейінгі орынды еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласы иемденді. Ал, Алматы қаласының командасы үшінші орынға лайық екенін дәлелдеді.  

2020 -2021 оқу жылында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасының төртінші кезеңі өтуі қажет болатын. Алайда, әлемді әбіржіткен короновирус Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қытай мемлекетінде пайда болып, тез тараған жұқпалы індетті әлем мамандары пандемияға теңестірді. Дерт мутацияға ұшырап, диагнозын дөп қою мүмкін болмаған соң карантиндік шектеулер енгізілді. Қазақстанда да көп іс шаралар тоқтатылып, онлайн режимге көшірілді. Сондай елдегі пандемия кезіндегі санитарлық шектеулерге байланысты аталған ұлттық лига өткен жылдың іріктеу қорытындысы бойынша спорттың он түрінен өткізілді. Сол кезеңде 48 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысты. Оның 2003-і қыздардан, 2241 ұлдардан құралған.  

Ұлттық мектеп лигасын өткізу барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген. 

Тамыз кеңесі аясында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасының жүлдегерлері мен жеңімпаз командасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан Нұр-Сұлтан қаласынлда арнайы кубогпен және дипломдармен марапатталды.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды