Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Қаратау ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері іс-шараның төрт күндік нәтижесі бойынша, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 90 жасөспірімді анықтаған. Оның ішінде 83 жасөспірімнің ата-анасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде жүргенде және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз дейді тәртіп сақшылары.