Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.

Screenshot_29.png

Президент тапсырмасына сәйкес, халыққа қолайлы қала қалыптастыру жұмыстары аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікпен «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр. Көшенің жарық болуы - түнгі қалаға сән беріп қана қоймай, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сол себепті Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда.

 Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен  643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарланып отыр. 

Реконструкция жұмысы қазір Желтоқсан, Ғ.Ильяев пен Б.Момышұлы көшелерінде басталған.  Атап айтқанда, Желтоқсан көшесінде қазір  116 жарық шам ауыстырылып, 2,9 шақырымға жер асты кабелі тартылуда. 

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып,  LED шамдары орнатылады.

Жарық шамдары қайта жөнделетін көшелер ішінде Темірлан тас жолы, Республика даңғылы мен Гагарин, Түркістан, Төле Би секілді қаланың басты көшелерімен бірге елді мекендегі көшелер де бар.  Одан бөлек, қаламызда ағымдағы жылы 104 көшеде жаңа жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталса, оның 51 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды

Айта кетейік, 2021–2023 жылдары жоба аясында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 312 көше жарықтандырылатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды