Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 13-19-қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Аталған іс-шараның аясында Абай ауданы Полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторлары К. Оңалбеков және О. Еркінбеков №137 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады. Аталған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу - отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Осы мақсатта мектепте құқықтық кеңесте қарастырлатын ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде дейді мектеп басшылығы.