Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Қарағұр ауыл округінде салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмысымен танысты. Қарағұрдағы мәдениет үйінің құрылысы биыл басталған. Бүгінгі таңда мәдениет үйінің қабырғасын қалау, шатырын жабу жұмыстары аяқталған. Құрылыс жұмысы қарқынды. Сонымен қатар, ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Айта кетейік, 75 орындық мәдениет үйін «Векстройком» ЖШС салып жатыр. Маусым айында басталған құрылыс нысанын жыл соңына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Құрылыс нысанының басында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер компания мамандарына құрылысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, ауданда суармалы жер көлемі де ұлғайтылуда. Созақ ауданындағы «Суындық» су арнасы қайта іске қосылғанда, Созақ ауылы бойынша 960 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылады. Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған Созақ ауданындағы «Суындық» каналы күрделі жөндеуден өткізілуде. Өткен жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысымен қолға алынды. Жұмыс барысы Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бақылауында.
Ұзындығы 23 шақырымдық «Суындық» су арнасының 19 шақырымына «лоток қалқаншалар» орнатылып үлгерген. Күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезенде сумен қамтамасыз етіледі.