Сайрам ауданының Таскешу елді мекені газбен қамтылады. "Казойлсервис" ЖШС Сайрам ауданының Таскешу елді мекенін газбен қамту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл жобаның жалпы құны - 208 871 000 теңгені құрайды. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталуы тиіс. Мердігер мекеме қазан айының соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды тапсырамыз деп жоспарлап отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 315 отбасы табиғи газбен қамтылады.
Сонымен қатар, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа елді мекенінде үйлердің жүйесіз салынуынан ауызсу тапшылығы орын алып отыр. Бұл мәселені шешу үшін Сарманов көшесі бойында орналасқан ауданның коммуналдық меншігіндегі су мұнарасын іске қосу қажет екен.
Осы орайда, қараусыз қалған мұнараны жөндеп, ретке келтіру мақсатында жергілікті бюджеттен 17,4 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Биыл құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін су мұнарасын іске қосылмақ.
Ал, Шардара ауданының орталығын газдандыру құрылысы бойынша бірқатар шағынаудандар кезең-кезеңімен аяқталуда. Бұйырса мұнан кейін Шардара қаласындағы мөлтекаудандарды кезегімен газ көзіне қосыла бастайды.
Қазіргі кезде Көксу ауылындағы 8236 тұрғын көгілдір отынмен қамтылып отыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында 10 ауылдық округ және 1 қала орталығы бар. Қазіргі таңда 10 ауылдың 8 ауылы табиғи газ көзіне қосылып, аудан бойынша газдандыру жобасы 50 пайызды құрап отыр.