Төлебилік шаруа тәулігіне бір тонна сүт өткізеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамыту және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі Сарқырама елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Есімхан Дауытбеков мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Қожалық иесі сүтті бағыттағы сиырларды Ақтөбе қаласынан арнайы алдырып, бүгінде төл басын көбейтіп отыр.

- «Асыл тұқымды сүтті бағыттағы голштейн сиырларын 2019 жылдан бастап бағып келемін. Алғашқы кезде 45 бас сиыр, кейін 6, тағы қосымша 25 бас сиыр сатып алдым. Ірі қара малды күтіп-бағу ісіне отбасымызбен атсалысып келеміз. Күніне әр сиыр 20 литрден 45 литрге дейін сүт береді. Тәулік бойы жиналған бір тонна сүтті ірімшік жасайтын зауытқа өткізіп отырамын», - дейді шаруа.

Кәсіпкер бүгінде ауылдың 2 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қысқы мезгілге мал азығын толық дайындап алғанын айтқан шаруа кәсіпті дөңгелетуге мемлекеттен субсидия алғанын жеткізді. Бүгінде сиырлар төлдеп, қорада 40-қа жуық бұзау бар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды