Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды дамуда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үш шаруа қожалық балық шаруашылығы кәсібін қолға алып, жасанды тоғандарға алғашқы шабақтарын жібере бастады. Негізінен балық шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көп. Мәселен, балыққа берілетін жемнің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Машат ауылдық округіндегі «Жеті үй» шаруақожалығында 15 мың дана сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтары өсірілуде. Кәсіпкер Қайырғали Тайболовтың айтуынша, өткен жылы аудан әкімдігінің қолдауымен үйіргелік жерін рәсімдеп, жасанды тоған салған. Биылғы жылдың көктемінде қосымша 3 мың дана аталған балық түрлерінің шабақтары жіберілген.

Сондай-ақ, Сапарғали шаруа қожалығы 100 мың дана нарықта сұранысы жоғары сазан, дөнмаңдай (толстолоб), ақ амур балық шабақтарын жіберуді жоспарлап отыр. Қожалық иесі Сапарғали Құрманбаев көктемде шаруа қожалығына тиесілі 11 гектар жердің 2,16 гектарына 7 жасанды тоған салған. Тоғандарға су жібермес бұрын балық қорегі ретінде тоған түбіне арпа, бидай, тары дақылдарының дәні себілген. Қазіргі таңда балық шабақтарына тапсырыс беріп, күтуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды