Түлкібас ауданында кәсіпорын жылына 3 мың тонна жеміс өңдейді

Жеміс-жидекті өңдеп, оны нарыққа дайын өнім ретінде өткізу - мол табыстың көзі. Түлкібас ауданында аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Өйткені, мемлекеттік қолдаулар арқылы кәсіпкерлер тарапынан бұл бағытты дамытуға қызығушылық артып келеді.

image.png

Бүгінгі таңда аудан аумағында үш ірі жеміс-жидек пен көкөніс өндейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың бірі Арыс ауылдық округіне қарасты «Арсен-ас» ЖШС-і. Жылдық қуаттылығы – 3 мың тонна. Аталған кәсіпорынның биылғы жеміс өңдеу маусымына дайындығымен танысу мақсатында аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы іс-сапармен барған болатын. Серіктестік алма шырынын өндіреді. Аудан тұрғындарынан және агроқұрылымдардан жеміс-жидек дақылдарын қабылдап, қайта өңдейді. Биылғы күздік алма теру маусымында кәсіпорын 1 мың тонна алма қабылдап, одан 100 тонна алма шырынының концентратын шығаруды жоспарлап отыр. Алынған 100 тонна концентраттан 625 тонна дайын алма шырыны нарыққа жөнелтіледі.

Карантин салдарынан жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорын биыл күзгі өнімді қабылдауға дайын екендігін жеткізді. Қазіргі таңда алдын-ала келісім жасалған «Көктал» шаруа қожалығынан күзгі алмаларды күтуде. Айта кетерлігі, аудан аумағында жеміс-жидек, көкөніс өңдейтін «Мичурин-Алма Экспорт» және «Песня Лета» ЖШС-і жұмыс істейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды