Ордабасыда су қоймасы салынады

12.jpg


Ордабасы ауданы аумағынан Қызыл-Сеңгір мен Боралдай мекендерінің арасындағы Боралдай өзенінің бойынан сыйымдылығы 50-60 млн м3. болатын су қоймасы салынады. Жаңа нысанның ені 2 шқ., ұзындығы 5 шқ. құрайды. Нәтижесінде Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласынан жалпы 45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр. 

Аудандағы жаңа жобалар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке Ордабасы ауданына жасаған ресми іс-сапарында таныстырылды. Аудан әкімі Бағлан Батыршаев ауыл шаруашылығы саласында қолға алынатын жаңа жобаларды баяндады. Каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде суару маусымында су шығыны 25-35 пайызға дейін кеміп, егістік алқаптар толықтай мерзімінде ағын сумен қамтамасыз етіледі және өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемі артады. 

Сондай-ақ, тік дренаждарды іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиоративтік жағдайлары жақсарып, жер асты суларының деңгейі төмендейді. Қосымша егістік алқаптар ағын сумен қамтамасыз етіліп, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды