Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастармен «Заң және жастар» тақырыбында спорттың үстел теннис түрінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу.
Аталмыш жарыстың ашылуында сөз алған Жастар ресурстық орталығы басшысы Н.Отаров жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тілеп, жастарды спортпен ұдайы айналысуға шақырды. Жарысқа аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, өзара сынға түсті.
Жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Аманбай Аян, ІІ-орынды Оразбаев Айдос, ІІІ-орынды Жолдасбаев Жәнібек иеленді. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетері, бытлыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жормарт Тоқаев:
- Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн. Өкінішке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткісі келеді. Олардың лоте¬реяға, бәс тігуге және букмекер агенттік¬теріне жаппай әуестігінің себебі осында. Күнделікті өмірде гастарбайтерлер туралы орынсыз қалжың айту және олардың еңбегін менсінбеушілік етек алды.
Алаңдаумен өткен соңғы айларда ең¬бек етудің баға жетпес қадір-қасие¬тін жете түсіндік. Кіші медицина қыз¬мет¬керлері, коммуналдық және қызмет көрсе¬ту саласында еңбек ететін азамат¬тар қыруар жұмыс атқарды. Бұл – нағыз еңбектегі ерліктің жарқын үлгісі. Мұн¬дай адамдар мемлекет назарынан тыс қалмайды,-деп атап өткен болатын.