Сарыағаш ауданында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен елдегі эпидахуалдың күшеюіне байланысты “Ел үшін егілемін” атты акция өткізілді.
Еріктілер халық көп шоғырланатын орындарда, сауда орталықтарында індеттің алдын алу, карантиндік режимнің сақталуы, маскалық тәртіп талаптарының орындалуын түсіндіріп, COVID-19 инфекциялық пандемиясынан сақтанудың тиімді жолы – вакцина ектіруге шақырып, арнайы таратпа қағаздарын таратты.
Айта кетері, соңғы уақытта Түркістан облысында қатерлі індетке қарсы вакцинаны 752 594 адам салдырған. Ал, екінші компонентті 512 594 адам қабылдаған. Сондай-ақ, облыс бойынша 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1 ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 70 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,54 % құрайды. Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 600 орын бар, 2536 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1064 науқас емделуде. Ал коронавирустық инфекциямен 179 науқас ем қабылдап жатыр.
Мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 10 бірлікке дейін жеткізілді. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 981 796 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2733 адам тексерілді.