Төлеби ауданының 70 тұрғын қайтарымсыз қаржыға ие болды

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант ұтып алған бірқатар кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жұмыс орындарымен танысты.

image.png

Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.

Қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салықтарды түсіну, сатуды жолға қою – мұның бәрі кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа. Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасы бизнес бастауға көмектесіп қана қоймай, осы сала бойынша бір ай көлемінде білім береді.

Бағдарламаны аудан көлемінде жүзеге асырып отырған Төлеби ауданының халықтың жұмыспен қамту орталығының көмегімен бүгінгі күні ауданда 70 адам, оның ішінде Ленгір қаласы бойынша 37 адам мемлекеттік грант иегері атанып, өз бизнесін бастаған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды