Төле би ауданында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант ұтып алған жастар түрлі кәсіп иелері атанып, халыққа жұмыс беріп отыр. Маселен, «Көлік майын ауыстыру» ісін қолға алған Ленгір қаласының тұрғыны Ғалымжан Саулдашев мемлекеттен берілетін грант кәсіп бастауға үлкен көмек болғанын айтады.
Қолдан сабын жасауды өзіне серік еткен Мөлдір Мелдехан дайын өнімдерін саудаға шығарып отыр.
«Серік» білім беру орталығын ашып, балаларға ағылшын, араб, орыс тілдерін үйретіп, осы тілдерде еркін сөйлеуге, жазуға білім беріп жүрген Үрзия Сергабаева өз кәсібін мақтан тұтады.
Төлеби ауданының тұрғыны Ержан Утеулиев мемлекеттік көмекті пайдалана отырып автокөлік жөндейтін станция ашқанын, грантқа ие болуының нәтижесінде отбасын асырып, жанына көмекші алған.
Көлік жуу орталығын іске қосқан Динара Жамалбекова бұл кәсіптен табыс тауып, бүгінде қала жастарын жұмыспен қамтып отыр.
Техникалық жөндеу орталығының басшысы Мейрамбек Серкебаев бүгінда ауданда көлік саны артып, оның қызметіне жүгінетіндер саны артқан.
Қазақтың ою-өрнектерін ойып, сөмке тігуді кәсіп еткен Мөлдір Серғараева бүгінде қол өнер туындысына әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап отырғанын, алдағы уақытта кәсібінің көлемін үлкейтіп, «Нұр» қол өнер шеберханасына жастарды үйрететуді көздеп отырғанын жеткізді.