Қасқасу ауылдық округінде алма бауы қарқынды дамуда

Төлеби ауданы таулы аймақта орналасқандықтан, өңір алма бауын өсіру үшін өте қолайлы. Қасқасу елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Жамбаев Ержан 19 га жерге 4500 түп Алматы апорты алмасын өсіруді қолға алған.

image.png

Бұрынғы кездері Алматы қаласы әлемге апорт алмасымен танымал болған. Исі жұпар аңқыған, дәмі тіл үйірер жеміске деген сұраныс артпаса, еш кеміген емес. Кәсіпкер алма бауын өсіру үшін мемлекеттен берілетін көмекке жүгініп, субсидия алған. Бүгінде жергілікті 4 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, еңбекақыларын төлеп отырады.

- Қарқынды алма бағын өсіру үшін алғашқы жылы 7 гектарға 4.2 млн теңге, келесі жылы 11 га жерге 7 млн теңге субсидия алдым. Алматы апорты Қазақстан бренді болғандықтан алманың осы сортын таңдаған едім. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп-баптау жұмысы да оңай емес. Жемісті уақытылы дәрілемесең, көшеттер өспей қалуы мүмкін. Апорт алмасы тек 7 жылдан кейін өнім береді, 12-13 жылдан кейін бір түптен 700-800 килограммға дейін өнім алуға болады, - деді кәсіпкер Ержан Жамбаев.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды