Аудан әкімі жас кәсіпкерлермен кездесті

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі және тұрғындарға берген көмегімен танысу мақсатында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы Көксәйек, Қасқасу ауылдық округтеріне арнайы іс-сапармен барды.

image.png

Аудан басшысы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 200 АЕК қайтарымсыз қаржыға ие болған Көксәйек елді мекен тұрғыны Жанерке Есеналиеваның тігін шеберханасымен танысты. Кәсіпкер, қызды ұзатуға қажетті барлық заттарды ұлттық нақышта кестелеп өріп, өз қолымен дайындайды. Шебердің қолынан шыққан дүниелер үлкен сұранысқа ие. Жанеркенің шағын шеберханасына 5 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Олар қыз жасауына қажетті құрақ көрпешелер, жастықтарға ұлттық оюларды ойып, өз қолымен тігіп шығады. Қолы алтын шебердің қолынан шыққан дүниелеріне еліміздің барлық өңірінен, Өзбекстан елінен тапсырыс беріп алдырады.

- Ауыл жастарын, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді осы кәсіпке баулу мақсатында оқу курстарын ашып, оларға ою ойып, тігін тігуді үйретсем деген арманым бар, - деді Жанерке өз сөзінде.

Ал, «Көлік жуу орталығын» ашып, халыққа қызмет етіп отырған Райымбек Мейманбекұлы мемлекеттік бағдарламаның отбасына берген көмегі жөнінде әңгімеледі.

«Құс шаруашылығын» қолға алған Бибігүл Ордабаева кәсібінің қыр-сырын әңгімелеп, жұмыртқаны инкубаторға салып, одан шөже өсіріп алып, шөжекті бағып-баптап тауыққа айналдырып, саудалайтынын айтты.

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды