80 жастағы жетісайлық зейнеткер интенсивті бақ өсіріп отыр

Климаты шыбық қадасаң тал болып өсуге бейім Жетісай ауданының дихандары соңғы кезде бау-бақша өсіруді мықтап қолға алып келеді. Тіпті машықтанып алған десеңізде болады. Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты "Қарой" елді мекенінің тұрғыны 80 жастағы зейнеткер Алиев Әзімжан Байтемірұлы ақсақал өзінің иелігіндегі 10 гектар алқапқа, қауын-қарбыз, жүзім, өрік секілді бау-бақшаларды егіп отыр. Соның ішінде ерекше атап өтетіні 2 гектар жерге интенсивті бақ өсіріп отыр.

image.png

Өмірінің тең жартысын медицина мен білім саласына арнаған, жоғары дәрежелі хирург, Әзімжан ақсақал зейнетке шықса да еңбек етуден шаршамайды. Таңның атысы кештің батысы осы баудың ішінде жүретін ақсақал үшін әр ағаштың орны ерекше. Сонау Ташкент қаласында орналасқан Шредер атындағы ғылыми зерттеу институтында селекция жасалған бұл алмалар мен шиелері (Черешня) Жетісайдың климатына жерсініп самса пісіп тұр. Бала кезден бос уақытты ұната бермейтін Әзімжан ақсақал жұбайы екеуі ақылдаса келе, өздерінің пай үлесіндегі жерді баққа айналдыруды қолға алған. Былтыр түбі польшалық болатын алмадан 2 тонна өнім алып, оны ауылдастарына тегін таратып берген. Биыл егілгеніне 4 жыл болған 200 түп шие ағаштары нышан көрсетіп жемісін беріп жатыр.

Жұмыс жоқ деп жүргент талай жастарға үлгі болып отырған Әзімжан ақсақалдың айтуы бойынша. Өз үйінде 20 тоннаға жуық көкөніс сақтайтын тоңазытқышы бар. Жиналған өнімдерді сонда сақтап, одан тиісінше қақ және тосап жасап немерлеріне жіберіп отырады екен. Баудан бөлек 3 гектар аумақтағы қауын-қарбызына өзі қарап, тиісті агрегаттық шараларды иелігіндегі трактормен өзі жасай береді. Отандасқандарына 53 жыл болған ерлі-зайыпты ата-апамыз әрбір істе ақылдаса отырып жұмыс жасайды. Жалпы Жетісай ауданы бойынша 475 гектар аумақта бау-бақша егілген болса, соның 255 гектра осындай интенсивті бақ болып табылады.

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген қағиданы берік ұстанған Әзімжан ағамыз негізгі мақсатымыз пайда табу емес. Болашақ ұрпаққа осындай пайдалы іске жарайтын мол мұраны қалдыру дейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды