Түлкібаста балық шаруашылығын дамытуға бел буған кәсіпкер алғашқы жемісін көруде..

Табиғаты шырайлы, өзендер бастау алатын Түлкібас ауданында соңғы уақытта бақша шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да қарқынды дамуда.

image.png

Бүгінгі әңгімеміз Жаскешу ауылдық окуругіне қарасты «Юлдуз-2» шаруа қожалығы жайында өрбімек.

Осыдан 2 жыл бұрын жұмысын бастаған қожалық 6 га аумақта орналасқан жасанды су тоғанына 14 мың 5 жүз сазан, карп және дөнмандай(толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберген-ді. Қазіргі таңда кәсібінің алғашқы жемісін көре бастады. Атап айтқанда, айына орта есеппен 300 келіге жуық балықты аудан аумағындағы және Шымкент қаласының сауда қатарларына өткізуде.

Бүгінде аудан көлемінде 7 шаруашылық балық өсірумен айналысуда. Жіліктеп айтатын болсақ;

1. Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Companу» ЖШС-гі балық зауыты, мұнда балықтың осетра, форель, сазан түрлерін өсірілуде.

2. Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС-гі балықтың карп, сазан түрлерін;

3. Балықты ауылдық округіне қарасты «Сансызбай» ШҚ балықтың сазан;

4. Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ балықтың сазан;

5. Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» балықтың сазан;

6. Жабағылы ауылындағы «Талдыбұлақ» ӨК, балықтың сазан түрін өсіріп, жемісін көруде.

Бұл бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта да аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен басымдық беріліп, дамыту жоспарлануда.

Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылуда. Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, заң аясында аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды