Түлкібас ауданында 185 шаруа қожалық биылғы жылы бір алқаптан 2-3 өнім алуды көздеп отыр

Бүгінде Түлкібас ауданында шаруалар тарапынан бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жұмыстары жүйеленіп, қарқын алып келеді.

image.png

Биылғы жылы аудан аумағындағы 14 ауылдық округте 185 шаруашылық бұл бағытта жұмысын бастап кетті.

Тарқатып айтатын болсақ аталған шаруа қожалықтар жалпы 186 гектар егін алқабына картоп, қызанақ, пияз, аскөк т.б осы секілді шаруашылық дақылдарының түрлерін орналастырған.

Солардың ішінде соңғы жылдары бұл бағытта өз алқаптарынан мол өнім алып жүрген «Андасбек» шаруа қожалығы да бар.

Қожалық биылғы жылы 5 га жерге бірінші өнімге картоп егіп, одан ағымдығы жылдың шілде айының орта тұсында әр гектарынан орта есеппен 25-30 тонна шамасында өнім алуды жоспарлауда. Ал, екінші өнімге қияр егіп, оны 40-45 күн аралығында жинап алуды жоспарлап отыр. Бүгінде қожалық үш отбасының жеке кәсібіне айналып, отбасы мүшелерін жұмыспен қамтып отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл бір жерден 2-3 өнім алушы шаруалардың қатары артқан. Яғни, өткен жылы 155 шаруа қожалық бұл бағытта жұмыс жүргізсе, аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы жылы 185 қожалық бір жерден 2-3 өнім алуға қызығушылық танытып отыр.

Бұл бағытта өткен жылы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен арнайы семинарлар өтіп, биылғы жылы жемісін беруде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды