Табиғаты шұрайлы Түлкібас ауданында биыл екі бірдей туристік нысан «Etno Park Resort» этно ауыл туристерге қызмет көрсету орталығы мен «Алмалы» демалыс аймағы іске қосылды. Еуропалық стиль мен үндескен жаңа демалыс орындары шетел және отандық туристерді қабылдауға арналған.
30 сотық аумақты қамтитын «Etno Park Resort» этно ауыл-демалыс орнында ұлттық нақыштағы 5 киіз үй, соңғы үлгідегі 4 қабатты қонақ үй, ауласында бассейн, беседка, жасанды көл демалушылар үшін таптырмас дүние. Нысан бір мезетте 180 адамды қамтуға лайықталған. Туристердің талғамына сай 30-дан астам ұлттық, шығыс және еуропа тағамдарының түрі бар. Жеке кәсіпкер К.Утегенова аталмыш нысанды 417 млн.теңгеге өз қаржысына ашып, қазіргі таңда 29 ауыл тұрғының жұмыстпен қамтып отыр.
«Алмалы» демалыс аймағы сиымдылығы 50 орындық мейрамхана және бассейн, жазғы алаңшалармен қамтылған. Жобаның құны 123 млн.тг. Нысан 20 жуық ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Қос нысан аудан орталығы «Қараағашты» елді мекенінде орналасқан.
Бүгінгі таңда ауданда 36 туристік нысан (4 киелі аймақтар, 3 қонақ үй, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақтар мен туристік базалар) аудан қонақтары мен тұрғындарына қызмет жасайды.
2021 жылдың 7 айында жалпы ауданға 2013 турист келген, оның ішінде 82 шет ел азаматтары.
Сондай-ақ, «Таң Нұры» ЖШС емдеу сауықтыру кешенің қайта құрылымдау мақсатында жалпы құны 560 млн.теңгеге жоба әзірленуде. Жоба бойынша 30 млн.теңгеге суды өңдеу цехін құру, 150 млн.тг сауықтыру орталығын қайта құрылымдауға және 380 млн.теңгесі жеміс-жидек сақтау қоймасын салуға жұмсалмақ. Қазіргі таңда жеңілдетілген несие алу мақсатында қаржы ұйымдарына құжаттары әзірленуде.