2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға және атаулы көмек алушы отбасыларға «Әлеуметтік портал» іске қосылды. Әлеуметтік порталдың артықшылығы - әр мүмкіндігі шектеулі жан өзінің оңалту бағдарламасындағы құралдарды өзіне ыңғайлы және ұнаған тауарларын таңдап алу және де үйінен шықпай тауарды үйіне жеткізу қызметі көрсетіледі. Қазіргі таңда ауданымыз бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін барлық заттар «Әлеуметтік портал» арқылы берілуде.
Биылғы жылы протез ортопедиялық құралдарға 225 құралға өтініш қабылданып, 93 бұйыммен қамтылды. Гигиеналық құралдарға 1198 өтініш түсіп, 1131 құрал берілді. Арнайы жүріп-тұру құралдарына 107 қол арбаға өтініш түсіп, 56 қол арба берілді. Сурдо-тифлотехникалық құралдарға 204 өтініш қабылданып, 199 құралмен қамтылды. Жеке көмекші қызметі бойынша 245 өтініш түсіп, 245 мүмкіндігі шектеулі жандар жеке көмекші қызметін алуда. Ымдау тілі маманы қызметіне 45 өтініш түсіп, 43 мүмкіндігі шектеулі жан ымдау тілі қызметімен қамтылуда. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында әлеуметтік қызметкерлердің 119 жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, 18 жасқа дейінгі 149 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 77 мүгедектер күтімге алынды. Күтімдегі 149 баланың 46-сы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөліміне, мекеменің арнайы әлеуметтік “Газель” көлігімен күнделікті тасымалдануда.