Түркістан облысы Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласындағы базар маңындағы көше бойларында "Ата-аналарға арналған кеңес" атты таратпа қағаздары ата-аналарға таратылды.
Бұл іс-шараның мақсаты— ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, балаға күнделікті көңіл бөлу, қолдау көрсетіп, сенім білдіру.
Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
-Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр¬бір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының еліміздегі халық санының өсіміне қатысты болжамы Орталық Азиядағы көршілес мем¬ле¬кеттермен салыстырғанда көңіл көншітпейді,-деді.
Президент сондай-ақ:
-Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн. Өкінішке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткісі келеді. Олардың лотереяға, бәс тігуге және букмекер агенттіктеріне жаппай әуестігінің себебі осында. Күнделікті өмірде гастарбайтерлер туралы орынсыз қалжың айту және олардың еңбегін менсінбеушілік етек алды,-деп атап өткен болатын.