Биыл оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі

Елдегі карантин оқушыларды қатты алаңдатуда. «Онлайн сабаққа ма, әлде офлайн сабаққа қатысамызба?» деген оқушылар мен ата аналардың сауалдарына сала мамандары нақты жауап берді.

image.png

Түркістан облысында жаңа оқу жылында оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі деп жоспарланған. 2021-2022 оқу жылында Түркістан облысы бойынша 927 күндізгі орта білім беру ұйымында 516 740 оқушы оқиды деп күтілуде. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда, білім беретін 83 897 педагогтардың 71 809-на (85,6%), техникалық персоналдардың 27 560-на (96,6%) вакцинация егілді. Бұл көрсеткіш – 100%-ды құрайды. Биылғы оқу жылына ата-аналардың өтініштерімен 47 266 бала 1 сыныпқа қабылданды. Жаңа оқу жылына жалпы саны 2 млн. 250 мың дана оқулық сатып алуға 4,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, тамыз айының басында оқулықтардың тасымалынан үнемделген қаржыға, оқушылар санының өсіміне байланысты барлық сыныптарға жетіспейтін және ескі оқулықтарды жаңарту үшін 826,1 мың дана оқулықтар алынуда. Қазіргі таңда, 17 баспамен оқулықтарды сатып алу және тасымал бойынша келісім-шарт жасалып, жұмыстар атқарылып жатыр. Оқулықтардың тасымалы ағымдағы жылғы 25 тамызда толығымен аяқталады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады