2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 мыңнан астам орынға мемлекеттік грант берілді. Оның жартысынан астамы білікті жұмысшы кадрларды, қалғаны орта буын мамандары мен қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған. 2019 жылы «Білім және ғылым» тамыз конференциясының Пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке колледждердің техникалық және кәсіптік білімге (ТиПО) көшу мәселелеріндегі стратегиялық бағдарларды айқындай отырып, дамытуды кешенді қарауды тапсырғаны белгілі.
Осыған байланысты, 2020 жылдың басынан бастап Түркістан облысында 10 жылға сатып алу құқығынсыз 3 мемлекеттік колледжді сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданды. Байқау нәтижесі бойынша 3 басқарушы компания анықталды. Жаңа басқарушы компаниялар студенттерді сапалы біліммен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету бойынша өздеріне міндеттемелер алды. Сенімгерлікке берген колледждерде нәтиже байқалуда.
Бүгінгі таңда, дуальді оқыту форматы қолданылып, оқытудың 40%-ы теория, 60%-ы тәжірибе түрінде жүргізілуде. Бұған қоса, студенттер шәкірт ақыдан басқа, нақты өндірісте тәжірибеден өтіп, жалақы алуда. Сонымен қатар, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжін сенімгерлік басқаруға бергеннен кейін Басқарушы компания бірқатар проблемалық мәселелерді шешті. Ең бастысы, студенттердің сабаққа қатысуы 95%-ға дейін артты. Заңсыз төлемдер қысқартылып, оқытушыларға өндірістік тәжірибеге қатысқаны үшін қосымша төлемдер ұлғайтылды. Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 90%-ға дейін өсті.
ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан колледждерді сенімгерлік басқаруға беруге келісім берілген жағдайда, биыл тағы да 10 мемлекеттік колледжді сенімгерлікке беру қарастырылған. Сондай-ақ сенімгерлік басқаруға ұсынылған техникалық және кәсіптік білім беру колледждері «Жас маман» жобасына енбек.