Олар үшін әлем шексіз

Screenshot_7.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Шымкент қалалық «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының ерекше талант иелерінің қатысуымен «Шексіз әлем» бағдарламалық концерті өтті. 

Игі шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы Мәди Манатбек, сондай-ақ Шымкент қалалық «Мәдениет үйі» концерттік ұйымының ұжымы, зиялы қауым өкілдері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері қатысты.

Айта кету керек, бұл мерекелік шара талантты шығармашыл жандарға қолдау көрсетіп, олардың өнеріне, шығармашылығына жағдай жасау, ерекше талант иелерінің шығармашылық қабілетін шыңдау, оларға қолдау көрсету және өмірге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

«Шексіз әлем» жобасы аясында Шымкент қалалық «Көзі көрмейтін және әлсіз көретін» азаматтарға арналған арнайы кітапхананың оқырмандарына әнші, «X-factor 2015» теле жобасының жеңімпазы Қарғабай Астана  5 айға жуық уақыт бойы тегін, ерікті түрде 16 азаматқа вокал сабағын өткізді. Іс-шараға 11 қатысушы эстрада әншілерімен бірге дуэт орындап, өз өнерлерін көрермендерге ұсынды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады