Медициналық ұйымдарда жаңа қызмет енгізілді

Screenshot_8.jpg

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, медициналық мекемелерде комплаенс жүйесі іске қосылды. Жаңа қызмет түрінің тиімділігін талқылау мақсатында арнайы басқосу өткізілді. Аталған жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Бұл жаңа жүйе әрбір медицина мекемесінде  емделушілердің шағымын тыңдайтын бір маман болу керек деген идеядан  шықты дейді ол. 

Комплаенс қызметін енгізудің мақсаты — емдеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету немесе тегін көрсетілетін қызмет түріне және әртүрлі заңсыздықтарға тап болсаңыз, комплаенс офицерге шағымдануға  болады. Мәселе лезде шешілетін көрінеді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу  «Адалдық алаңы» және  департаменттің функциясына кіреді.  Алайда қазіргі таңда әрбір мекеме жемқорлықпен өздері күресе білуі керек. Аталған жоба медицина мекемелерінің сыбайластықпен өз бетінше күресуге, оны шешуге жол ашады.   «Бармақ басты, көз қыстымен» күресуді әр адам өзінен бастағаны секілді барлық мекеме өз ішінде күресе білсе, жең ұшына жалғасқан бұл «індетті» жеңеріміз анық»,- дейді  «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жәни Қамбар.

Жалпы, бұл қызмет түрі медициналық ұйымдардағы қызмет көрсету сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ дәрігерлердің жұмысқа орналасу барысында да жемқорлыққа жол бермейтін көрінеді. Тағы бір, айта кетерлігі емдеу мекемелерінде ақ халатты абзал жандар тарапынан  науқастарға дөрекілік танытар болса, бұл мәселе де қаралмақ.

Комплаенс офицер маманы емдеу мекемелеріндегі фронт офисте тұрғындарды қабылдайды. Жаңа қызмет түрі қаладағы 35 мемлекеттік медициналық ұйымға енгізілген.

 Сондай-ақ Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша қазіргі таңда емдеу мекемелерінде кризис менеджер мамандары емделушілерге қызмет көрсету екен. Олардың міндеті пациенттер мен қызметкерлер арасында туындаған дау-жанжалдардың алдын алу, шешу және қызмет барысында адалдықты қамтамасыз ету.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды