Түлкібаста экологиялық таза сүт өндіріледі

image.png

Соңғы жылдары Түлкібас ауданында төрт түлікті көбейтіп, пайда табушылардың қатарың қалыңдады. Мұнда осы салаға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 

Ауданда осы күндері ата кәсіпті дамытып, ет, сүт экспортын еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Оның үстіне сүтке деген сұраныс та жыл санап артып отыр. Сондықтан аудан жұртшылығы тиімді салаға баса назар аудара бастады.

Мәселен, жоғары сападағы экологиялық таза сүттен жасалатын «Майлыкент-сүт» ЖШС-ң өнім түрлері, бүгінгі таңда ауданда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жоғары сұранысқа ие.

«Бизнестін жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда қарқынды жұмыс істеп тұрған сүт өндеу цехы күніне 5 тонна сүт өндеп, майсыз сүттен бастап йогурт, айран, ірімшік сияқты 12 түрлі өнім дайындайды. Аталмыш кәсіпорын 40 астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтым, өз өнімдерін республика аумағындағы біршама өңірлерге өткізуде.

Жергілікті тұрғындардың сүтін бұрын «Фудмастер» жинайтын. Қазір жергілікті тұрғындар күнделікті сүтерін осы жерге өткізеді. Сұраныс күннен күнге қосылып, алға жылжып келеді. Ал, сүтке сұраныстың көбейгені мал асыраумен күн көріп отырған халықтың жағдайын дұрыстамақ.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды