Түлкібас: Мал ұрлығы азайды

Түлкібаста карантин кезінде ұрлық, оның ішінде мал ұрлығы едәуір төмендеген. Мәселен, өткен жылы мал ұрлығы туралы 12 дерек тіркелсе, биылғы жылы бірде-бір ұрлық дерегі тіркелмеді.  Бұл жайында Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Әбілханұлы аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді.

Кража скота будет считаться тяжким преступлением – МВД РК - СЦК ...

Аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына аудан прокуроры А.Жүнісбеков, аудандық Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері, аудндық полиция бөлімі басшысының орынбасары М.Әбілханұлы мен қызметкерлері, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары А.Нұранов, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков және тиісіті дербес бөлім басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Комиссия отырысында екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары — Әбілханұлы Мұрат меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу (мал, пәтер ұрлықтары, қарақшылық, тонау және т.б),оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстардың профилактикасы және кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың, сонымен қатар, оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар барысымен бөлісіп, әр қылмыс бойынша көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қосымша баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы – Қадырбек Ержан Изтайұлы мектеп оқушылары тарапынан жасалынған құқықбұзушылықтар туралы баяндама жасап, алдын алу бойынша жоспарымен бөлісті.
Жиын барысын аудан прокуроры баяндамашыларға әр проблемалық мәселені талдап, шешу жолдарын нақтылау бойынша ұсынысын білдірді.

Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы, аудан аумағында орын алып жатқан қылмыстардың және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер тарапынан жасалынатын құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында орынбасары Ерлан Бақытжанұлына құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды