Түлкібас: Қарапайым кәсіпкер израильдік суғаруды меңгерді

Түркістан облысында АӘК алатын азаматтар бақшадан мол өнім алуды ...

Бірінші кезекте Шақпақ ауылдық округіне ат басын бұрып, сол жердегі облыс әкімі Ө.Шөкеевтің үй іргелік жерлерде тиімді израильдiк технологияларды пайдалану арқылы мол өнім алу тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Н.Байғұттың бастамасымен іске асып жатқан үй іргелік жердегі егістік алқабымен танысты. 

Бұл жерде З.Рахматуллаева есімді жеке кәсіпкер мемлекет тарапынан алған 555 мың теңге қайтарымсыз грант қаржысына үй іргелік жерге қызанақ егіп, израйльдік технологияны еңгізіп отыр. 

Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда, өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасынан жабайы шөп шықпайды.

Түркістан облысы Республикамыздағы  озық технологиялармен терең қопсыту,  интенсивті бау, жылыжай  салу, тамшылатып суғару әдісін еңгізу бойынша  алдынғы қатарда. Сондықтан ауылшаруашылығының ұдайы дамып отыруы аса маңызды. Бұл ретте, көшбасшы елдердің қатарындағы  Израйль технологиясын енгізу аграрлық салада орын алған бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды